Сатбергенова Асель

Халықаралық ынтымақтастық туралы келісім-шарт іске асуда

 

Халықаралық ынтымақтастық жөнінде Бойт атындағы Берлин жоғары техникалық мектебінің және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеттің арасындағы келісім-шарт бойынша 12.06.2019 ж. мен 17.07.2019 ж. аралығында "Геодезия" мамандығының "Картография және геоинформатика" кафедрасының докторанты Сатбергенова А. К. Берлин қаласында ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтті. Зерттеу жұмысы проф., т.ғ.д. Б.Е. Резник және "navXperience" компаниясының құрылтайшысы Д. Ковалевский басшылығымен жаңа геодезиялық жабдық зерттелген. «navXperience» компаниясының инженерлік бюросында "3G+C" антеннасының фазалық ортасы зерттелген.

 

1 сурет - navXperience компаниясынын «3G+C» антеннасы

2 сурет - LGL қызметкері Д. Бопп автомобильде ALTUS жүйесі және геодезиялық жабдықтар бойынша кіріспе жаттығуларын өткізеді

Карлсруэ қаласында ауыл шаруашылығы комитетінде LGL геодезия бөлімінде т.ғ. к., доц. Д. В. Мозер кездесу өтті. LGL маманы т.ғ. к., доц. Д. В. Мозер ауыл шаруашылығы комитетінің қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды. Ғылыми-зерттеу тағылымдама барысында бүкіл Германия бойынша жер бетіндегі ГНСЖ түзету жүйесі SAPOS зертханасында таныстыру экскурсиясы өткізілді.

3 сурет - Карлсруэ ауылшаруашылық комитетінде,

т.ғ.к., доц. Д.В. Мозер

4 сурет - SAPOS жүйесінің зертханасында

Т.ғ.к., доц. Д. В. Мозер Германияның Солтүстік Шварцвальдтағы Форбах қаласының маңында Шварценбах гравитациялық бөгетіне экскурсия ұйымдастырды, онда бекітілген жердегі геодезиялық пункттерді көзбен шолып қарау жүргізілді, QGIS бағдарламасында жергілікті карта салынды (5 сурет) . Гравитациялық бөгет Мург өзенінің алқабында 1926 жылы аяқталған Рудольф-Фетвайс-Верка су электростанциясының ең маңызды конструкциясы.

5 сурет – QGIS жүйесінде салынған Шварценбах гравитациялық бөгеті

 

Шетелдік кеңесберушіге проф., т. ғ. к. Б.Е. Резникке, Картография және Геоинформатика кафедрасының жетекшісіне проф., т.ғ.д. Х.М. Қасымқановаға, т.ғ.к., доц. Д. В. Мозерге, сондай-ақ Германияда ғылыми-зерттеу тағылымдамасын ұйымдастыруға қолдау көрсеткен барлық қызметкерлер мен басшыларға алғысымды білдіремін.

 

Авторы: докторант Сәтбергенова А. Қ.

Басылым күні :  18.02.2019