ҚР Жоғары оқу орындары студенттері арасындағы Республикалық пәндік олимпиада

 

 

  • 2020

Ұлы ғалым Абу Наср ибн Мухаммед әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған

«Индустрия 4.0 жағдайындағы менеджмент» тақырыбында
«Менеджмент» мамандығы бойынша өткізілген
XII Республикалық студенттік пәндік олимпиада

НӘТИЖЕЛЕРІ

 

2020 жылдың 27-ші наурызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономика және бизнес Жоғары мектебінің "Менеджмент" кафедрасы, ұлы ғалым Абу Наср ибн Мухаммед әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Индустрия 4.0 жағдайындағы менеджмент» тақырыбында «Менеджмент» мамандығы бойынша XII Республикалық студенттік пәндік олимпиадасын онлайн форматта Zoom платформасында өткізді.

Онлайн-олимпиадаға 7 команда қатысып, 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен марапатталып, барлық олимпиада қатысушыларына олимпиадаға белсенді қатысқандары үшін сертификаттар берілді.

Осылайша, олимпиада нәтижелері келесідей:

I дәрежелі диплом – «Тейлор періштелері» командасы – Сыздықова А.Ғ, Әуелбек Д.С., Тайпова Э.О.Ғылыми жетекшілері: Джулаева А.М., Аметова Ж.А. 

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ.

II дәрежелі диплом – «LEADERS» командасы – Айса А.А., Жақсылық Д.Б., Төрехан К.Л.Ғылыми жетекшілері: Купешова С.Т., Асанова А.Д. 

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ.

II дәрежелі диплом – «Лидерлер» командасы – Ферзаули А.М., Абжалелов Т.А., Вагнер Э.Р.Ғылыми жетекшісі: Омарова А.Т.

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, Қарағанды қ.

IIІ дәрежелі диплом – «Гриффиндор» командасы Акимбай А.Б., Арингазин М.И., Тойшибекова Д.Қ.Ғылыми жетекшісі: Саутпаева Ш.Е.

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Нұр-Сұлтан қ.

IIІ дәрежелі диплом – «Challengers» командасы – Абдраимова Н., Экмекчи И.М., Эргешова Ю.И.Ғылыми жетекшісі: Нурпеисов А.И. 

Еуразиялық технологиялық университеті, Алматы қ.

IIІ дәрежелі диплом – «FutureBosses» командасы Каленова А.А., Назарова А.Т., Жұмаділ Ж.Н.Ғылыми жетекші: Калышев С.М.

Еуразиялық технологиялық университеті, Алматы қ.

«Менеджмент» мамандығы бойынша XII Республикалық студенттік пәндік олимпиада қорытындысы: Қазақстанның 4 аймағынан 5 ЖООнан 21 студент қатысты. Барлық қатысушыларға Олимпиадаға белсенді қатысқандары үшін сертификаттар берілді.

«Менеджмент» мамандығы бойынша XII Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының комиссия төрайымы: «Атамекен» ҚР ҰКП ҚРЖМО сертификациялау орталығының директоры Акзамбекқызы А.. Комиссия мүшелері: "ТК мегаполис-Казахстан" ЖШС, HR департаменті, персоналдарды жұмысқа қабылдау және бейімдеу бөлімінің басшысы Аптаева А.К., Менеджмент кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.д., профессоры м.а. Тургинбаева А.Н., Менеджмент кафедрасының ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары э.ғ.к., доценті  м.а. Нұрсейтова Г.Б., Менеджмент кафедрасының э.ғ.д., профессоры м.а

Құнанбаева Д.А., Менеджмент кафедрасының э.ғ.к., доценті Тұмбай Ж.О. , Комиссия хатшысы: Менеджмент кафедрасының оқытушысы Баржаксыева А.А.  

 

 

  • 2019