ОПҚ ғылыми қызығушылығы

 

Ғылыми ұжым - ғылымның қозғаушы және өндіргіш күші болып табылады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың "Менеджмент және маркетинг" кафедрасында әр түрлі жастағы және ғылыми біліктілігі бар оқытушылардан құрылған ғалымдардың зерттеу топтары бар. Олар зерттеулердің жалпы бағытымен байланысты және қызметтің жалпы мақсаты - ғылыми білімді жинақтау және беру болып табылады.

 

«МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ МАРКЕТИНГ» КАФЕДРАСЫНЫҢ ОҚЫТУШЫ-ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ ТОПТАРЫ

 

  • Білім беру саласындағы басқарудың өзекті мәселелері мен әдістері                                                                                                        

Фото

Ғылыми-зерттеу тобы: э.ғ.д., профессор Тургинбаева А.Т.; э.ғ.к., доцентер: Смагулова Г.С., Таспенова Г.А.; э.ғ.к., аға оқытушы Әшірбекова Л.Ж. оқытушы Маликова Р.М.

             "Менеджмент және маркетинг" кафедрасы оқытушыларының зерттеу қызметінің негізі бағыты білім беру 
ортасының қазіргі мәселелерін: басқарудың өзекті сұрақтарын , осы саладағы міндеттерді шешу жолдарын, 
менеджменттің қажетті әдістерін қолдануды зерттеуге бағытталған.


  • Экономикалық трансформацияның әдіснамалық мәселелері  

 

ФОТО

Ғылыми-зерттеу тобы: э.ғ.д., профессорлар: Кантарбаева А.К., Спанов М.У. оқытушы Аметова Ж.А.

"Менеджмент және маркетинг" кафедрасының оқытушы-ғалымдар тобы экономиканы трансформациялаудың әдіснамалық сұрақтарын зерттей отырып, транзитологияның өзекті мәселелерінің тізімін зерттейді: даму шарттары мен мүмкіндіктері, қозғаушы күштер, тиімділік өлшемдері және т.б. Сонымен қатар экономиканың түрлі салаларына қатысты басқаруды модельдеу мәселелері қарастырылады.


  • Қазақстан Республикасы халқының экономикалық дамуының және өмір сапасының қарқынын арттырудағы инновациялық технологиялар 

 

Фото

Ғылыми-зерттеу тобы: э.ғ.д., профессорлар: Е.Б. Жатқанбаев, Кунанбаева Д.А., Кулумбетова Л.Б.; э.ғ.к., доценттер: Джумамбаев С.К., Сокира Т.С., Смагулова Г.С. Таспенова Г.А., Ашикбаева А.М.; э.ғ.к., аға оқытушылар: Нурсеитова Г.Б., Аширбекова Л.Ж., оқытушылар: Кожахметова А.К., Сермагамбет Ү.М., Орынбасаров Н.Е., Ғалымқызы Г.

Қазақстанның басты мақсаттарының бірі – әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына кіру - экономиканы әртараптандыру, инновациялық технологияларды дамыту, бәсекеге қабілетті өндірістерді өсіру, халықтың өмір сүру сапасын арттыру негізінде қол жеткізілуі мүмкін. Инновацияларды, әртүрлі технологияларды дамыту қажеттілігі оларды макро -, мезо - және микро ортада: мемлекеттік басқаруда, кәсіпкерлікте, экономиканың әртүрлі салаларында, персоналды басқаруда қолдану мүмкіндігі тұрғысынан қарастырылады. Бұл сұрақтар "Менеджмент және маркетинг" кафедрасының бір топ ғалымдарын зерттеу пәні ретінде оқытушылар қызметінде белсенді дамыды.

 

  • Экономиканы және салаларды цифрландырудың компоненттері 

Фото

Ғылыми-зерттеу тобы: э.ғ.к., доценттер: Қожамқұлова Ж.Т., Калганбаев Н.А.; э.ғ.к., оқытушылар: Джулаева А.М., Ахметова З.Б., Купешова С.Т., Тәжиева С.К.; аға оқытушы Жумагазиева А.Г. оқытушылар: Тынабекова Г.Н., Белғожақызы М., Рысбаева Б.Б.

Экономика мен салаларды цифрландыру мәселелері - "Менеджмент және маркетинг"кафедрасы оқытушыларының зерттеу қызметінің басты назарында. Зерттеу пәні әр түрлі елдерде және экономикалық даму салаларында цифрландыру процесінің, бизнес-үдерістерді қайта құруда инновациялық құрамдастарды пайдаланудың және нарыққа қатысушылардың өзара іс-қимылының мәселелері болып табылады.

 

  • Қазақстан Республикасының салалық дамуы: қазіргі жағдайы және өсу перспективалары

Фото

Ғылыми-зерттеу тобы: э.ғ.д., профессорлар: Қазбеков Б.К., Спанов М.У., Зиядин С.; э.ғ.к., оқытушы Бейжанова А.Т.; аға оқытушылар: Оразымбетова А.Т., Есенжігітова Р.К.; оқытушы: Ибраева Л.М.

Ғылымның негізгі зерттеу мәселелерінің бірі - экономиканың салалық дамуын зерттеу. Бұл мәселе "Менеджмент және маркетинг" кафедрасы оқытушыларының басты назарында. Олар Қазақстан экономикасының түрлі салаларын дамытудың қазіргі жай-күйі мен перспективаларының сандық, сапалық параметрлерінің мәселелерін зерттейді. Туризм, денсаулық сақтау және басқалар сияқты салалардың өсу жағдайлары анықталуда.

 

  • Әртүрлі қызмет салаларында логистикалық басқарудың заманауи әдістері

Фото

Ғылыми-зерттеу тобы: э.ғ.к., профессор Шеденов У.К; э.ғ.к., доценттер: Ахметкалиева С.К., Қазбекова К.К., Сокира Т.С.; э.ғ.к., аға оқытушы Баймуханбетова Э.Е.; аға оқытушылар: Абдикул Ш.Н., Шарапиева М.Д., Асқаров Ғ.А.; оқытушы Парманқулова И.С.

"Менеджмент және маркетинг" кафедрасы оқытушыларының логистиканың өзекті мәселелерін зерттеуге қызығушылығы кездейсоқ емес. Академиялық ғылым ретінде және практика саласы ретінде логистиканың көптеген пікірталас сұрақтары бар. Зерттеу сұрақтары, енгізу және қолданудың қазіргі заманғы әдістерін логистика қызметінің әртүрлі салаларында сұранысқа ие ғылыми ортада.

 

Материал дайындаған: э.ғ.к., доцент Қожамқұлова Ж.Т.,

оқытушы Ғалымқызы Г.