Наурыз мейрамы құтты болсын!

22.03.2023

Көрулер: 617

🌟 Құрметті ұстаздар , студенттер!
Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі.
Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт - береке әкелсін!
Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын!
🌷Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Ізгі ниетпен, компьютерлік ғылымдар кафедрасы