ҚАЗҰУ-ДЫҢ 27 ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ МАРАПАТТАЛДЫ
20.02.2023
Көрулер: 869
📌 ҚАЗҰУ-ДЫҢ 27 ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Астанада жоғары оқу орындарының үздік оқытушыларын марапаттау рәсімі өтті. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 27 оқытушысы да жалпы республикалық байқауда 775 үміткердің ішінен үздік деп танылды. Жеңіске жеткен 150 оқытушыға 6 млн теңге сыйақы берілді. Марапаттарды ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек табыстады.
Ақпараттық технологиялар факультетінің ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі деканның орынбасары, PhD Бурибаев Жолдас Алладинович марапатталды !
Сізді шын жүректен құттықтаймыз! Марапатыңыз құтты болсын!💐💐💐
🔗 Толығырақ: https://www.kaznu.kz/kz/3/news/one/36126/






