КОМПАНИЯ ҚАЗЫНАҒА БІР КҮНДІК ЖАЛЫҚ ТӨЛЕДІ

08.02.2023

Көрулер: 439

Мемлекет басшысы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесу барысында Қазақстан Түркияның зардап шеккен аудандарына жедел түрде құтқарушылар мен дәрігерлерді іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысу үшін жіберіп жатқанын, сондай-ақ бауырлас елге гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін айтты.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы игі істі қолдап, бауырлас Түркия Республикасындағы жер сілкінісінен зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету қорына бір күндік жалақысын аударды.
ҚазҰУ-дың мыңдаған ұжымы табиғи апат салдарынан жақындары қайтыс болған отбасылардың қайғысына ортақ.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің баспасөз қызметі