ҚАЗҰУ ҒАЛЫМДАРЫ DIGITAL ALMATY ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

02.02.2023

Көрулер: 424

✒️ Алматыда ҚазҰУ ғалымдары, студенттері мен магистранттары қатысатын жыл сайынғы Digital Almaty халықаралық форумы өтті. «Жаңа болмыстағы цифрлық әріптестік» деп аталатын ауқымды шара бесінші рет әлемдік халықаралық сарапшыларды, ІТ қауымдастығын, мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерін жинады.
✒️ Цифрландыру саласындағы шараға ҚазҰУ ғалымдары білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларды таныстырды. Алғашқы ұсынылған жоба «Жетілдірілген IBOX-әмбебап виртуалды құрылғы агентінің платформасы». Жобаның негізгі мақсаты зертханалық және өнеркәсіптік жабдықтардың жұмысын бақылаудың отандық бағдарламалық-аппараттық кешенін әзірлеуге бағытталған. 
✒️ Ғылым қорынан қосымшалардың кең ауқымына арналған көміртекті наноқұрылымды материалдардың инновациялық жобалары, iBox – әмбебап виртуалды құрылғы агентіне арналған платформа және туризмге арналған мобильді қосымшалар ұсынылды.