Докторантураға түсушілердің назарына!
Көрулер: 898
🎓Докторантураға түсушілердің назарына!
👆2022 жылғы 1 қарашада докторантураға түсу емтиханына app.testcenter.kz сайты арқылы өтініштерді қабылдау басталды. Тіркелу 18 қарашаға дейін жүргізіледі.
⏳Түсу емтихандары 5-11 желтоқсан аралығында өтеді.
📍Тіркелу барысында Сіз тестілеудің ОРНЫН (ҚАЛАСЫН) өзіңіз таңдайсыз.
💻Тестілеу ОРНЫ мен УАҚЫТЫ туралы ақпарат 29 қарашада түсушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады.
✅Өтініш бергеннен кейін түсушіге емтихан тапсыру қаласына немесе тіліне, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тобына өзгеріс енгізу қажет болған жағдайда 18 қарашаға дейін (бұл күні база жабылады) өтінішті түзетуге және өшіруге мүмкіндік беріледі.
✅Биылдан бастап түсушілер міндетті түрде ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат ұсынуы керек.
‼️ЕСКЕРТУ:
❌2022 жылы Ережелерді бұзғаны үшін емтиханға жіберілмеген талапкерлер, сондай-ақ нәтижелері жойылған тұлғалар қайта докторантураға түсу емтиханына қатыса алмайды.
📌4-20 тамыз аралығында өткізілген түсу емтиханының сертификаты күнтізбелік жылдың 1 желтоқсанына дейін жарамды.
💰Түсу емтиханына қатысу құны 15 804 теңгені құрайды.
👏Барлығыңызға сәттілік!
🧑🏻🎓👩🏻🎓🧑🏻🎓👩🏻🎓






