Құтты болсын Республика күні бұл!!!

25.10.2022

Көрулер: 1238

Құтты болсын Республика күні бұл,
Қазағымды қуанышқа бастайтын.
Таусылмасын егемендік жыры бұл,
Азаттықтың аппақ таңын растайтын.

Елімізде қиындықтар болмасын,
Тәуелсіздік әні айтылып әрдайым.
Жаратқаным қазағымды қолдасын,
Әр күн сайын шуақты атар таңдайын.

Егемендік еліміз мәңгі жасасын,
Республика күні әркез тойланып.
Қариялар берсін аппақ батасын,
Болақшақтың жарқын күнін ойға алып.