ҰСТАЗДАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
30.09.2022
Көрулер: 1039
«Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» — деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге өлшеусіз. Сіздер — жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті-жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.
Еңбектеріңізді ескере отырып, сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстарыңызға сәттілік және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілейміз! Денсаулықтарыңыз мықты болсын, отбасыңызға амандығын берсін! Мерекелеріңізбен! Мерейлеріңіз үстем болсын!!!
🖊️ Игі тілекпен: "Компьютерлік ғылымдар" кафедрасы.






