БІРІНШІ КУРС БІЛІМГЕРЛЕРІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ СТУДЕНТТЕР ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ
19.09.2022
Көрулер: 1082
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Әл-Фараби ескерткіші алдындағы алаңда танымал тұлғалар, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, белгілі ғалымдар, жазушылар, қазақстандық эстрада жұлдыздары, блогерлер, университет оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен бірінші курс білімгерлерін «Студенттер қатарына қабылдау» салтанатты кеші өтті.






