12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күні
12.04.2022
Көрулер: 1337
Құрметті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-ғалымдары, жас ізденушілер!
Сіздерді 12 сәуір – Қазақстандағы Ғылым қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ата-бабаларымыз кез келген табыстың тек тынымсыз еңбек пен оқу арқылы келетінін жіті түсінген.
«Ғылым таппай мақтанба...» деп, ұрпақты ғылым, білімге үндеген ұлы Абайдың даналық ұстанымы бүгін де маңызын жойған жоқ.
Бүгінгі өркениет өлшемі ғылым мен білімнің даму көрсеткішіне байланысты.
Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды қалыптастыруда, бәсекеге қабілетті қуатты экономика құруда ғылымның ықпалы зор болуы тиіс.






