ҚҰРМЕТТІ АРДАГЕРЛЕР МЕН ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ!

08.05.2020

Көрулер: 1696

Сіздерді мерекелеріңізбен - Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің тағдырларыңызға түскен барлық ауыртпашылық мен тауқыметті елестетудің өзі қиын. Батылдық, батырлық пен жеңіске деген ұлы сенім, қайсарлық пен төзімділік, Отанға деген шексіз сүйіспеншілік пен адалдық Сіздерге жаудың бетін қайтарып жеңуге және адамзатқа бейбітшілік сыйлауға мүмкіндік берді.

Біз Бейбітшіліктің қандай бағамен келгенін білеміз. Майдан далаларында Жеңіс үшін өмірлерін құрбан еткендердің барлығы біздің есімізде. Біз күйреген қалалар мен ауылдарды қан-терімен қалпына келтірген жандардың ерең еңбегі үшін олардың алдында бас иеміз.

Сіздердің жауынгерлік ерліктеріңіздің және жанқиярлық еңбектеріңіздің арқасында бүгінде біз бейбіт аспан астында өмір сүріп, білім алып, жұмыс істеп, балаларды тәрбиелеп, тәуелсіз Қазақстанды құрудамыз.

Шын жүректен Сіздерге мықты денсаулық және ұзақ ғұмыр, жан жылулығын және жақын адамдарыңыздың мейірімі мен қамқорлығын тілейміз.

Құрметті жеңімпаз ардагерлер мен тыл еңбеккерлері, Сіздерге тағзым етіп шексіз алғысымызды білдіреміз.

  

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры

академик Ғалым Мұтанов

 

Ақсақалдар Кеңесінің төрағасы,

Академик Зұлхаир Мансұров

www.kaznu.kz