«ДЕНСАУЛЫҚ» АТТЫ 47-ШІ ДӘСТҮРЛІ СПАРТАКИАДА
Көрулер: 2780
04.01. – 11.01. аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да педагогтар мен өзге де қызметкерлер, докторанттар арасында «Денсаулық» атты 47-ші дәстүрлі факультеттер арасында спартакиада өтті. Спартакиаданың бағдарламасында бадминтон, волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, мини футбол сияқты спорттың түрлері қамтылған. Аталған спорт түрлері бойынша команда құрамына информатика кафедрасының меңгерушісі Урмашев Б.А. және оқытушылары – Иманкулов Т., Айдаров Қ., Темирбеков А., Дарибаев Б., Лебедов Д., Сарсембаев М., Бурибаев Ж., Оматай Н., Спабекова Ж., Тұрар О., Накибаева М., Елеусинов А., Сатымбеков М., Найманбай А., Түркен Г., Сакыпбекова М., Жолдасбаев С., Омарова П. қатысып, жақсы нәтижелер көрсетті. Салауатты өмір салтын насихаттайтын аталған іс-шараға белсене қатысқан кафедра оқытушыларына алғыс айтамыз.












