2021 жылдың 20 сәуірінде Информатика кафедрасының студенттері, магистранттар мен докторанттардың қатысуымен білім алушыларға ғылым жолын насихаттау мақсатында онлайн форматта «Ғылым жолы – дара жол» атты дөңгелек үстел өткізіледі. Дөңгелек үстелдің мақсаты - студенттер мен магистранттардың ғылым жайында білімін тереңдетіп, білім алушыларға қазақ ғалымдары туралы ақпарат беру, ғылымның қалыптасу кезеңдеріне шолу жасау, кафедрамыздың республика деңгейіндегі профессорларының ғылыми қызметі туралы хабардар ету, ғылымның заманауи қоғамдағы ролі туралы талқылау. Іс-шараны топтың куратор-эдвайзері Черикбаева Л.Ш. жетекшілігімен, 1 курс магистранттары Атаниязова Айсұлу, Есен Мұрат, Меліс Зарина, Рахымжанова Жансая ұйымдастырып, жүргізеді. Дөңгелек үстел барысында болашақ жас ғалымдар арасында заманауи ғылымның басым тұстары, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысу маңызы, ғылыми қызметтің даму мүмкіндіктеріне деген көзқарас туралы пікір алмасу орын алады.