Жаңалықтар

Қазақ тілінде дайындалған «Python бағдарламалау тілі» курсы

04.08.2021

Қазақ тілінде дайындалған «Python бағдарламалау тілі» курсы MOOK платформасында оқытуға дайын екенін хабарлаймыз. Курс 09.01.2021 бастап 30.12.2021 дейін ашық. Интеграциялық картаны толтырғаннан кейін 6 қыркүйектен бастап сабақты бастауға болады.Курстың авторлары:

Балакаева Гүльнар Тултаевна - физика -математика ғылымдарының докторы, профессор

Омарова Перизат - Жаратылыстану ғылымдараның магистрі

Спасев Нұрхан - Жаратылыстану ғылымдараның магистрі

Ары қарай оқу >>

2020-2021 оқу жылының аяқталуымен!

21.06.2021

Құрметті талапкерлер, оқу жылының аяқталуымен! Бұл әрқайсыларыңызға өмірлік сабақ, қайталанбас сәттер, күтпеген жаңалықтар, маңызды оқиғалар,  сапалы білім мен шеберліктің тағы бір бөлігі болды.Бірақ әрқайсыларыңыз  үшін - ойларға, тұжырымдарға, жоспарларға толы естен кетпес сәттер болды. Алдағы демалыстарыңыз көңілді және қызыққа толы болсын. 

Ары қарай оқу >>

БАЛАЛАРҒА КӨМЕК!

02.06.2021

Информатика кафедрасының оқытушылары "1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне" орай ұйымдастырылған іш шараға қатысып, ойыншықтар сыйлап, балаларға жанашыр болып, көтеріңкі көңіл күй сыйлап, қолдау көрсетті. Соған орай "Қазақ Медициналық Қоғамы" атты қоғамдық бірлестігінің директора Н. Алимбекова әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ақпараттық технологиялар факультетінің информатика кафедрасының меңгерішісі Бейімбет Серікұлына Алғыс Хат табыстады!

Ары қарай оқу >>

МОНОГРАФИЯ

21.05.2021

Информатика кафедрасының доцент м.а. Темірбеков Алмас Нұрланұлы "INTEGRATED DISTRIBUTED INFORMATION SYSTEM OF THE ACADEMIC CITY OF ALMATY" атты монографиясын шығарды.

Ары қарай оқу >>

ТӘРБИЕ САБАҒЫ

16.05.2021

2021 жылы 9 сәуірде GREEN CAMPUS жобасы аясында «Қоршаған ортаны қорғау - біздің азаматтық парызымыз» атты кураторлық сағат өткізілді.

Ашық сабақтың ұйымдастырушылары - Информатика мамандығығының 1 курс докторанттары: Болысханова М.Ж., Ткач Г.М., Назкенова Б.Б.

Куратор эдвайзер: Черикбаева Л.Ш.

Информатика мамандығының 3 курс студенттері өзекті тақырыпты талқылауға белсенді қатысты.

Кураторлық сағат онлайн режимінде өтті.

Ашық сабақтың және кураторлық сағаттың видео жазбаларына сілтеме - https://cloud.mail.ru/public/Cyd2/kyRrGMu2m
     «Қоршаған ортаны қорғау - біздің азаматтық парызымыз» атты кураторлық сағаттың презентацисы.

Ары қарай оқу >>

ОРАЗА АЙТ ҚАБЫЛ БОЛСЫН!

13.05.2021

Ораза айт мерекесі құтты болсын! Алла Тағала ұстаған оразамызды, дұға-тілектерімізді, қасиетті айда жасаған әрбір қайырлы амалдарымызды, берген зекет пен пітір садақаларымызды қабыл етіп, мол сауаптан жазғай!

Әрбір отбасына амандық, жақсылық, дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға береке тілеймін! Раббымыз баршамызды рамазаннан рамазанға дейін аман-есен жеткізе берсін!

Еліміз аман жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз баянды болғай!

Ары қарай оқу >>

Авторлық құқық

13.05.2021

Информатика кафедрасының 4 курс бакалавры Мухаметкалиева Аяулым Рахымқалиқызы аға оқытушы Дәркенбаев Дәурен Қадырұлымен бірге 30.03.2021 ж. № 16191 авторлық құқықтың иегерлері болды.

Авторлық құқық объектісінің түрі: Компьютерлік бағдарлама

Нысанның атауы: «Сызықты регрессиялары қолдап статистикалық деректерді өңдеу»

Ары қарай оқу >>

Авторлық құқық

13.05.2021

Информатика кафедрасының 4 курс бакалавры Қалибекова Ақерке Дайырбекқызы аға оқытушы Дәркенбаев Дәурен Қадырұлымен бірге 12.06.2021 ж. №17433 авторлық құқық иелері болды.
Авторлық құқық объектісінің түрі: Компьютерлік бағдарлама
Нысанның атауы: «Цифрлық сауаттылықты арттыру үшін веб-косымша әзирлеу»

Ары қарай оқу >>

Алғыс хат

13.05.2021

Информатика кафедрасының аға-оқытушысы Даркенбаев Даурен Кадырович Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ғылыми және білім беру мекемелері арасында «Ең үздік жас ғалымдар - 2021» жобасында жас ғалымдарға көрсеткен қолдауы үшін алғыс хатпен марапатталды.

Ары қарай оқу >>

Алғыс хат

13.05.2021

Информатика кафедрасының профессоры Балакаева Гульнар Тултаевна Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ғылыми және білім беру мекемелері арасында «Ең үздік жас ғалымдар - 2021» жобасында жас ғалымдарға көрсеткен қолдауы үшін алғыс хатпен марапатталды.

Ары қарай оқу >>