Жаңалықтар

Виртуалды зертхана симуляцияларының каталогы

10.02.2022

18.02 сағат 16: 00 - де платформа мен Лобстер өнімдеріне вебинар шолу жоспарлануда.  Лабстер-виртуалды зертханалық жұмыс және ғылыми модельдеу платформасы. Платформада әртүрлі тақырыптар бойынша білім алушыларға арналған цифрлық құралдардың кең жиынтығы ұсынылған. Өнімдердің көп бөлігі химия, биология, медицина, физика, география, экология салаларына арналған, бірақ платформа виртуалды зертханалық жұмыстар мен гамификацияны өз пәндеріне енгізуге мүдделі біздің факультеттің оқытушыларына да қызықты болуы мүмкін. Сіз өнімдер тізімімен мына сілтеме бойынша таныса аласыз: https://www.labster.com/simulations/. біздің оқытушыларды қатысуға шақырамын.  


Қосылу сілтемесі 18.02, 16:00 https://teams.microsoft.com/l/meetup-join/19%3a3hmsiEtsjMfdSGH8KyqT1_qVxb2KxDWkYXb47rZf0lQ1%40thread.tacv2/1645092384242?context=%7b%22Tid%22%3a%22b0ab71a5-75b1-4d65-81f7-f479b4978d7b%22%2c%22Oid%22%3a%22189c50aa-6386-4c63-91ae-e54a7379c0c0%22%7d

Ары қарай оқу >>

"Оқытушының цифрлық шеберханасы"

10.02.2022

📍Құрметті оқытушылар,"Оқытушының цифрлық шеберханасы" өз жұмысын жалғастыруда🎉📣 Мастер-класс тақырыбы: Қашықтан оқытудағы MS Teams платформасында студенттерді тестілеуді ұйымдастыру және өткізу (шығыстану факультетінің кейсі)
1️⃣ MS Teams жүйесінде тестерді құру және орналастыру;2️⃣ MS Teams платформасындағы «OneNote жазу кітапшасы» құралын пайдалану;3️⃣ Тест тапсырмаларының үлгілерін құру және MS Forms-те бірлесіп жұмыс істеу.
Жаттықтырушы: Жұбатова Баян Нұрсұлтанқызы (Шығыстану факультеті, Таяу, Орта Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының профессоры)
▶️ Мастер-класс күні мен уақыты: 17 ақпан, 17:00.
📲 Қосылу сілтемесі: https://us02web.zoom.us/j/6921559903?pwd=UnJibTJlWUN3VG5sc0ZjdlA4MzJrdz09Кіру коды:111
Құрметпен, АЦИК.

Ары қарай оқу >>

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021»

22.01.2022

ҚР БҒМ ақпараттық жүйесінің базасында өткен «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021» конкусының жеңімпазы атанған Информатика кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Керімбаев Нұрасыл Нұрымұлын шын жүректен құттықтаймыз. Кәсіби шеберлігіңіз бен жоғары біліктілігіңіз әлдеқашан танымал болған білгір де тәжірибелі маман ретінде сізге игі істеріңіздің қашанда оңға басуына, әр қадамыңыздың қарымды болуына, ел-қоғам алдында абыройыңыздың арта беруіне тілектестік білдіреміз.

Ары қарай оқу >>

Оқу форматы!

13.01.2022

Алматының бас санитар дәрігерінің міндетін атқарушы Сәдуақас Байғабылов Алматыда мектептер 31 қаңтарға дейін, ЖОО-дар 6 ақпанға дейін онлайн форматқа ауысатынын хабарлады. Осы хабарламаға сәйкес, Ақпараттақ технологиялар факультетінің Ғылыми кеңесінің шешімімен көктемгі семестр 6 ақпанға дейін онлайн форматында жүргізіледі.

Ары қарай оқу >>

Жаңа жыл - 2022!

31.12.2021

Құрметті достар! Сіздерді Жаңа 2022 жылмен шын жүректен құттықтаймын!Сіздерге келіп жеткен 2022 жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен толағай табыс тілеймін!Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ - береке келсін!
Жаңа 2022 жыл бақыт, шаттық, қуаныш, құт - береке әкелсін! Жаңа 2022 жылда ырыстарың көп болып, табыстан табысқа жете беріңдер! Жаңа 2022 жылдағы жоспарларың іске асып, тілектерің орындалсын!
 Жаңа 2022 жылың жаңа нұр ала келсін Қуанышқа құшағың тола берсін. Ескі жылың есіркеп көкейіңде Қимас шақтың бірі боп қала берсін! Жаңа 2022 жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір!

Ары қарай оқу >>

Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл!

16.12.2021

Желтоқсанның ызғары да, қатып калған мұздары да, қазақ жастарын қорқыта алмады, қайсарлықпен бодандыққа қарсы тұрған желтоқсаншы жастарға бас иеміз! Ата-бабалардың аңсауымен, желтоқсаншы жастардың қайсарлығымен Тәуелсіздік есіктен еніп, жанымызға шаттық сыйлағалы міне 30 жыл, 30 жас. Отыз жылда ел жаңа, еліміз көркейіп, жеріміз жандануда, бар әлемнің назары біздің елімізде. Қазақстанды бүкіл әлем таниды десек қате айтқанымыз емес. Аз уақытта бойын тіктеп, басқа шет елдерге үлгі бола білген еліміздің 30 жылдығы, 30 жасы құтты болсын қазақ елі! Қазақтығымыз бітпесін, азат күніміз бітпесін! Қазақ тіліміздің тұғыры берік боп, елдігіміз жандана берсін! 30 жылдығың 100 жылдыққа ұласып, шаттығың мен бақытың ортаймасын! Қазақ елі жасай берсін! Қазақстан жасай берсін!

Ары қарай оқу >>

"Men zhastarga senemin"

25.11.2021

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған "Men zhastarga senemin" студент жастардың IX республикалық форумында "Еліміздің инновациялық дамуына менің қосқан үлесім" студенттік әлеуметтік маңызы бар инновациялық жобалар бойынша II орынға ие болғаны үшін 7М06103 Компьютерлік инженерия мамандығының 1 курс магистранты Даулетия Данияр, 8D06102 Компьютерлік инженерия мамандығының 1 курс доктаранты Жасұзақ Мұхтар, 5B060200 Информатика мамандығының 4 курс студенті Турегали Амир марапатталды.

Ары қарай оқу >>

III облыстық республикалық ғылыми жобалар байқауы

25.11.2021

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының ІІІ облыстық кезеңін өткізуде қазылар алқасы ретінде атсалысып, өскелең ұрпақтың ғылыми даму бағытында жоғары біліктіліктен берілген кеңестерімен, жоба барысында ғылыми негіздерін шыңдауға және жастарға рухани және интеллектуалды дамуына ықпал ететін ой тұжырымдары үшін информатика кафедрасының доцент м.а. Сатымбеков Мақсатбек Алғыс хатпен марапатталды.

Ары қарай оқу >>

"Үздік жас ғалымдар-2021" жобасы

25.11.2021

|| дәрежелі дипломмен " "Бөбек" Жалпыұлттық қозғалысы" қауымдастығы нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Ғылыми - білім беру мекемелері арасындағы" |V Халықаралық кітап басылымы", "Үздік жас ғалымдар-2021" жобасына қатысушылар, Абельмажинова Динара Зайнулаева , Қырықбаева Әсел Қуанышқызы марапатталады. Осы жобадағы жас ғалымдарға көрсеткен қолдауы үшін информатика кафедрасының доценті Рахимжанова Ләззат Балтабайқызы алғыс хатпен марапатталады.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Түркияның экс-президенті Абдуллах Гүлмен кездесу

19.11.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Түркияның экс-президенті Абдулла Гүл келді. Ғылыми кітапханада белгілі саясаткер университеттің оқытушы-профессорлары және студенттерімен кездесу өткізді.

Айтулы шараға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, Олжас Сүлейменов, Смағұл Елубай, Марат Тоқашбаев, Қали Сәрсенбай, Сәбит Шілдебай сынды зиялы қауым өкілдері, дипломаттар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Ары қарай оқу >>