Вокал үйірмесі
Жалпы музыка атаулы, елдің сезім байлығы мен ішкі жаратылыс қалпын білдіретін болса, солардың ішінде ең толғаулы, ең сырлысы да – ол әрине ән мен күй.
«Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй,
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй » - деп, Абай атамыз жырлағандай, ән десе ішкен асын жерге қойып тыңдап, өнер сүйетін халқымыздың өнерінің бір қыры - ән өнері.

ВОКАЛ ҮЙІРМЕСІ – жетекшіcі Айниязова Алтын Өтегенқызы, Ақтөбе педагогикалық институтының түлегі. 2001 жылы аймақтық «Жас дәурен» фестивалінің бас жүлдегері, 2003 жылы Республикалық «Жас қанат» байқауының дипломанты, 2003 жылы Халықаралық «Жаһан дала» фестивалінің дипломанты. Үйірме құрамында 80-ге жуық студенттер бар. Үйірме қатысушылары өнерлерін шыңдау арқылы тек ән айтуға ғана емес, сондай-ақ кәсіби сахналық мәдениетке үйренуде. Үйірмеде Роза Бағланованың, Бибігүл Төлегенованың репертуарындағы әндерден бастап, Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Мақпал Жүнісова апаларымызды әндері, қазіргі заманғы үлгідегі әндер, ретро және қазақтын халық әндері қамтылған. Үйірме студенттері жыл сайынғы ұйымдастырылатын халықаралық, республикалық, қалалық байқауларға үнемі қатысып отырады.
2010 жылдың сәуір айында өткен қалалық «Алматы жастар қаласы» фестивалінде де студенттеріміз университет қоржынын жүлделі орындармен толтырды. Фестивальде Мадгулов Азаматтың авторлық әні фестиваль гимні болып қабылданып, дипломант атанды.
Үйірмедегі өзіндік табиғи бояуы бар әншіміз Тлямов Сардор халықаралық романстарды орындаушылар байқауында бас жүлде иегері.
Қазіргі таңда академиялық ән жанры бағытында жұмыстар жүргізілуде. Герграфия факультетінің студенті Жанекеева Марал және халықаралық байқауларының бірнеше жүлдегері заң факультетінің студенті Бахытжанқызы Мөлдір осы жұмыстардың нәтижесі болып табылады. Оларға Бибігүл Төлегенованың репертуарынан «Қазақ вальсі», «Бұл-бұл», «Көктем», т.б. әндері және шетелдік шығармаларын таңдап, Студенттер клубының белді репертуарларына айналуда. Сонымен қатар, «дәстүрлі ән» жанры бойынша таланты бар студенттерді дайындап, оларды республикалық байқауларға және концерттік бағдарламаларға қосып, бақтарын сынауға мүмкіндік беріледі. Олардың репертуарларында дәстүрлі жыр-термелер және халық әндері бар.
География факультетінің студенті Жанекеева Марал

Заң факультетінің студенті Бахытжанқызы Мөлдір

«Ұлы жылдарға тағзым» Республикалық патриоттық әндер байқауының жеңімпаздарыттық
Студенттер клубының вокалды-аспаптық ансамблі






