Көңілді және тапқырлар клубы
Көңілді тапқырлар клубы – жоғары оқу орнының айрықша өнер жолдамасы. Әзіл-қалжыңдар, көңілді оспақтар, қызықты суырып салмалар – міне студенттік өмір дәл осылардан тұрады. 25-тен аса факультет командалары жыл сайын университеттің КТК Лигасы ойындарына қатысады. Бұл – ҚазҰУ КТК құрама командасы үшін ең үздіктерді іріктейтін таланттар шеберханасы.

КТК мүшелері 1-курс студенттерін қарсы алу салтанатында
2010 жылдың 18-қарашасында Қазақ КТК лигасының 10-шы Республикалық КТК чемпионаты болып өтті. Жыл бойы жалғасқан ойынның ақтық сынына 7 команда жолдама алған болатын. Ойын өте әсерлі де қызық, ал, сайыскерлер бірінен-бірі өткен тапқыр болды. Сондықтанда, жеңіс туына қол жеткізу оңайға соққан жоқ. Дегенмен, үздік жетіліктің ішінен жүйрік танылған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «ДОСТАР» командасы чемпион атанып, жеңіс кубогын қанжығаға байлап қайтты.







