Эстрада үйірмесі

ЭСТРАДА ҮЙІРМЕСІ

Жетекшіcі - Айниязова Алтын Өтегенқызы, Ақтөбе педагогикалық институты музыка бөлімінің түлегі. 2001 жылы аймақтық «Жас дәурен» фестивалінің бас жүлдегері, 2003 жылы Республикалық «Жас қанат» байқауының дипломанты, 2003 жылы Халықаралық «Жаһан дала» фестивалінің дипломанты.

Үйірме құрамында 80-ге жуық студент бар.

2008 жылы үйірме әншісі Сахабаева Айгүл Алматы қаласында өткен «Алматы жастар қаласы» байқауына қатысып «Эстрада» номинациясы бойынша 2 орынды иеленсе, Садырбаева Махаббат арнайы дипломмен марапатталды.

2009 жылы жастар шығармашылығын қолдау мақсатымен ұйымдастырылған Қазақстандағы V Ұлттық жастар Дельфийлік ойындарына қатысып, «Эстрада» номинациясы бойынша халықаралық қатынастар факультетінің студенті Цой Александр 2-орынды иеленіп, «Академиялық ән» номинациясы бойынша герграфия факультетінің студенті Жанакеева Марал жеңіп алды.

Үйірме құрамындағы биология факультетінің студенті Айтимова Дана республикалық «Бозторғай» фестивалінің дипломанты, халықаралық қатынастар факультетінің студенті Утеуова Лаура Түрік елінде өткен халықаралық «Талисман удачи» байқауының 2 орын, Мәскеу қаласында өткен «Бегущая по волнам» байқауының 1 орын жүлдегері, Алматы қаласында өткен халықаралық «Бозторғай» фестивалінің лауреаты, Украина, Баку, Мәскеу қаласында өткен Қазақстанның мәдени күндерінің қатысушысы. Физика факультетінің студенті Ізтілеуова Фариза халықаралық «Бозторғай» балалар шығармашылық фестивалінің 3 орын жүлдегері, механика-математика факультетінің студенті Арыстанбек Әсет республикалық «Балауса», халықаралық «Бозторғай» фестивалдерінің лауреаты.

Сондай-ақ 2010 жылы Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай жоғарғы оқу орындары арасында республика көлемінде ұйымдастырылған «Ұлы Жеңіске тағзым» ән байқауында біздің өнерпаздарымыз бас жүлдені жеңіп алды.

Сонымен қатар үйірменің өнерпаз студенттері университетіміздің 75 жылдығына арналған концерттің қатысушылары. Үйірмеге қатысушы талантты өнерпаздардан биылғы жылы «Ерке» тобы, «Алатау» триосы, «Достар» квартеті, квинтеттер сондай-ақ, вокалдық инструменталды аспаптардан экономика және бизнес жоғарғы мектебінің «Де-Факто» тобы құрылды. Үйірме өнерпаздары университет қабырғасындағы ұйымдастырылатын дерлік мәдени іс-шаралардың тікелей қатысушылары.

Қазақ Ұлттық университетінің 75-жылдық мерей-тойына қарсы ұлттық аспаптардан құрылған вокалды-инструменталдық топ құрылды.Оның құрамы домбыра, қобыз, гирата, саз сырнай аспаптары және жеке дауысты әншіден тұрады.

Жоғарыда аталған топтарға кәсіби дауыс қоюмен қатар, би үйірмесінің жетекшісімен бірлесіп сахналық би қойылады.

Алдағы уақытта университетіміздің «Студенттік көктем» фестивалінен талантты жастарды таңдап, вокал және эстрада үйірмесінің құрамын толықтырып отырамыз.

Халықаралық қатынастар факультетінің студенті – Садырбаева Махаббат

Механика-математика факультетінің студенті Арыстанбек Әсет

Экономика және бизнес жоғарғы мектебінің «Де-факто» тобы

Эстрада үйірмесінің белсенді мүшелері