“Жас ақындар” үйірмесі

“ЖАС АҚЫНДАР” үйірмесі университетімізді республикаға танытуда зор үлес қосып келе жатқан үйірмелердің бірі.Үйірме құрамында 40-ға жуық мүшесі бар. Студенттер қазақтың айтыс өнерін, ұлттың қолтаңбасын, өмірдің стилін меңгереді. Осы жанрдың белгілі шеберлері – М.Тазабеков, Д.Кәпұлы, С.Қалиев, А.Сейтханов, Б.Имашев, С.Дүйсенғазин, Б.Халиолла, О.Досбосынов, Т.Арынғали университетіміздің түлектері болып табылады. Үйірме мақсаты - үйірмеге қатысушы әрбір студентке ақындық талабына сай суырып салмалық және жазба өлеңдеріне қарай дұрыс бағыт беру, қазақ халқына тән ақындар айтысын жандандыру, айтыс арқылы тіліміз бен ұлттық тәрбиемізді, дінімізді дамытуға студенттерді талпындыру. Үйірме студенттері былтырғы жылдың наурыз айында С.Димерель атындағы университетің ұйымдастыруымен өткізілген ақындар айтысына үйірме студенттері қатысып жүлделі орындарды қанжығасына байлап қайтты.