“БІЗ” студенттер театры
“БІЗ” студенттер театры университеттік театр өнерінің дәстүрін жалғастыруда. Студенттік ұжым көрермендерге “Адаспаңдар!”, «Бағдаршам», «Той», «Кешіріңіз, сізді ажал күтіп тұр», «Ол көктем енді оралмайды» атты қойылымдар ұсынды. Театрдың көркемдік жетекшісі – режиссер Ғалымжан Сайлаубеков.
«БІЗ» студенттер театрының «Ол көктем оралмайды»
қойылымынан кейін
(ортада: театрдың көркемдік жетекшісі – режиссер Ғалымжан Сайлаубеков)
Жақында өткен «Ол көктем оралмайды» қойылымы көрерменнің көңілінен шыққан, махаббат пен достықтың қаншалықты құдіретті күш, ұлы сезім екенін тағы бір еске салған керемет дүние болды. Келген қонақтар қойылым соңынан үздіксіз, ұзақ уақыт қошемет көрсетіп, шапалақтан шашу шашты. Студенттердің өнерін тамашалауға басшылықтан келген Тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту департаментінің директоры Гүлнар Әлібекқызы мен филология факультетінің деканы профессор Қансейіт Әбдезұлы өздерінің ақ тілектерін білдіріп, қойылымның жастарға берер тәлім-тәрбиесінің қаншалықты зор екенін айтып, өз ризашылықтарын білдірді. Театр режиссеры Ғалымжан Сайлаубеков жиналған көпшілікке ризашылығын білдіріп, қойылымның сценариін жазатын студенттердің өзі екенін және театр мүшелерінің 70-80 пайызын филология факультетінің студенттері құрайтынын да атап өтті.
Қазіргі таңда театр студенттері «Шақырылмаған қонақ» атты жаңа қойылымға дайындалуда.






