«Бақыт» би ансамблі

«БАХЫТ» БИ АНСАМБЛІ 2003 жылы құрылды. Қазіргі таңда ансамбльдің құрамы университеттің барлық факультеттерінен жиналған 100-ден аса студенттен тұрады. Көркемдік жетекшісі: Шара Жиенқұлованың қолдауымен өткен «Қазақ биі» байқауының лауреаты және Италия, Франция, Израиль, Испания мен Лондонда өткен халықаралық байқаулардың лауреаты, Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері Галя Асанғазықызы Есмұхамбетова. Ол мемлекеттік «Гүлдер» ансамблінің мүшесі болған. Құрылғанына аз уақыт өткеніне қарамастан жас ансамбль үлкен жетістіктерге жетіп үлгерді:

Ансамбль мүшелері – қалалық мерекелік іс-шаралардың ұдайы қатысушылары.

«Бахыт» би ансамблі студент жастардың арасында кеңінен танымал. Ұжым репертуарында әлем халықтарының билері мен классикалық және қазіргі заманғы композициялар бар. Дарынды адамның биік мақсаты болуы тиіс. «Бахыт» ансамблі де кәсібиліктің шыңына жетуді көздейді.

2009 жылы «Хабар» агенттігінің қолдауымен «Гүлдер» ансамбілімен біріге отырып, бас балетмейстер - Галя Есмұханбетованың қойылымымен «Көктем ертегі» мюзиклын жасады. Өткен 2009 жылы «Алматы жастар қаласы» байқауының 1-орын, қалалық «Дельфийлік ойындар» байқауының 2-орын иегері. «Хабар», «Қазақстан», «КТК» телеарналарында өткізілетін әртүрлі хабарларға қатысып, өнерлерін паш етуде. Ансамбль репертуары бай, қазақ биімен қатар әр түрлі халықтардың билері, шығыс билері және тағы да басқа заманауи билер бар. «Жібек жолы», «Халықтар достығы» т.б. композициялардың құрамына көптеген ұлттың билері кіреді. Университет колледжінің студенті Есмуханбетова Малика ансамбльдің даусы көркіне сай әншісі.

Ансамбль бүгінгі таңда елімізге танымал продюсерлік орталықтармен бірлесе отырып мюзикл жасауда.

«Бахыт» би ансамблінің негізгі шығармашылық құрамы

Студенттік «Бахыт» би ансамбілі

Студенттік «Бахыт» би ансамбілі