Қобыз үйірмесі
Студенттер клубында қобыз аспабын насихаттау, үйрету арқылы, жастарды рухани тәрбиелеу, ұлттық үрдістерімізді олардың бойына сіңіру, өнерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында қобыз үйірмесі жұмыс істейді.
ҚОБЫЗ ҮЙІРМЕСІН облыстық көркемөнерпаздар байқаулары бойынша ән мен күй номинацияларының лауреаты Зита Сванбаева жетекшілік етеді.
Ежелгі қазақтың шекті аспабы орындаушылар мен тыңдаушылардың сонау ғасырлардан келе жатқан үнімен тамсандырады. Үйірме құрамында 15 қобызшы бар. Жас музыканттар оркестр жұмысына белсенді қатысады. 2009 жылы үйірмеге қатысушы өнерпаздар арасынан қобызшылар квартеті құрылып, араб елінен келген қонақтарға қазақ халық әндерінен попурри орындап, шетелдіктерді таңғалдырды. Қобызшылар квартетінің репертуарында қазақ әндерінен попурри, шет ел композиторларының, Қазақстан композиторларының шығармалары бар. Студенттердің жеке орындауы немесе олардың оркестр құрамында өнер көрсетулері көрермендердің қызығушылығын тудырады. Биылғы оқу жылында 1 курс студенттерінің арасынан 5 қобызшы студент үйірмеге алынып, олардың екеуі оркестр құрамына қосылды.
Қобыз және домбыра үйірмелерінің студенттері






