Мария Юзец Джаз, Сантьяго де Компостела университеті, Испания

23.01.2019

Көрулер: 1372

Қазақстанда өткізген күндерім өте ғажап болды. Не бары 4-ақ апта тамаша өтті және де осы ел туралы көп нәрсе айтуға болады, әсіресе Алматы қаласы туралы. Алматы қаласы жайында ең маңызды айтарым - бұл жердің адамдары өте жақсы және жылы шырайлы.

Мен аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасында оқыдым. Егер сіз уақытыңызды жақсы өткізіп әрі сапалы білім алғыңыз келсе, осы көркем мемлекетте орналасқан әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне оқуға түсуіңізге кеңес беремін.