«Қалдықтарды басқару саласында онлайн оқытудың перспективалары» атты вебинар

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «Ресей мен Қазақстанның жоғары оқу орындарында қалдықтарды тұрақты басқарудағы мамандарды дайындаудың құзыреттілігін арттыру» Эразмус+ жобасы аясында «Қалдықтарды басқару саласында онлайн оқытудың перспективалары» атты вебинар өтті. Бұл жоба бойынша серіктестік университеттер 8 онлайн модуль, оның ішінде 20 курс қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде әзірлейді.

Консорциум жобасының қатысушылары: TAMK университеті, Тампере, Финляндия; Лиллебаельт Академиясы (қолданбалы ғылымдар университеті), Дания; Вальядолид университеті, Испания; АТМО Университеті (Санкт-Петербург Ақпараттық Технологиялар, Механика және Оптика Университеті), Ресей; Ресей Федерациясының бірінші президенті Б.Н. Ельцин атындағы университет, Ресей; Тюмень мемелекеттік университеті, Ресей; Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті; Ш.Уалиханов атындағы Кокшетау мемлекеттік университеті; М.Әуэзов атындағы Оңтүстік Қазақ мемлекеттік университеті.

Вебинар жұмысына KASE-нің директоры, ECO Network негізін Евгений Мухамеджанов; «Тартып» АӨ өндірістік бөлімінің жетекші маманы Бейсенов Мирас; «Сайман корпорациясы» ЖШС-нің перспективалық өңдеулер бөлімшесінің бастығы Уарбеков Биржан; Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның оқу-әдістемелік және оқу технологияларын жетілдіру департаментінің басшысы Саксенбаева Жанна; Алматы қаласының экоактивисті Бота Медеуова, жылуфизика және техникалық физика кафедрасының түлегі Медет Сисенгалиев, осы кафедраның оқытушылары және студенттері қатысты.

Баяндамаларда қалдықтарды басқару саласындағы мәселелер талқыланды. Онлайн-курстары әл-Фараби атындағы КазҰУ-нің және АТМО университеттінің білім беру платформаларында қойылады.

Кездесуде қазақстандық университеттер «Ресей мен Қазақстанның жоғары оқу орындарында қалдықтарды тұрақты басқарудағы мамандарды дайындаудың құзыреттілігін арттыру» Erasmus + жобасында жүзеге асыру бойынша қаулысы әзірленді. Еуропаның үздік тәжірибелері мен технологияларын қолдануды іске асыру міндеті көзделіп отыр.

Вебинар нәтижелері болашақта онлайн курстарын дамытуға кеңінен мүмкіндік береді. Онлайн курстарда қолданылатын интерактивтік құралдар мен практикалық дағдылар нақты мамандарды қазіргі заманғы форматта оқытуға және біліктілігін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Вебинарға қатысқан қонақтар мен пікір алмасқан оқытушы және студенттерге үлкен алғысымызды айта отырып, келешекте әрі қарай қарым-қатынасымыз тығыз байланыста болады деп үміттенеміз.

Басылым күні :  09.04.2019