Дөңгелек үстел "Қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу және утилизациялау (пайдаға асыру) мәселелері:шешу жолдары"

2018 жылдың 10 сәуірінде V халықаралық Фараби оқулары шеңберінде "Ресей мен Қазақстан университеттерінде / EduEnv қалдықтарды тұрақты түрде қадағалау  құзыреттілігін арттыру» жобасын іске асыруда "Қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу және утилизациялау (пайдаға асыру) мәселелері:шешу жолдары" атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті және аталмыш тақырып бойынша үздік студенттік жобаға конкурс жарияланды. Қалдықтарды тұрақты қадағалау саласындағы түпнұсқалы жұмыстар қаралуға алынды. Қатысушылардың материалдары «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми конференциясының тезистер жинағында жарияланды. «Қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу және утилизациялау(пайдаға асыру)  мәселелері: шешу жолдары» атты дөңгелек үстелі барысында баяндамалар тыңдалды. Нархоз Университетінің бірінші курс студенттері Орысбаева Әлия, Муратали Маликайдар, "6D072300-Техникалық физика" мамандығының 2 курс докторанты Баймулдин Руслан баяндамаларын оқыды.

Басылым күні :  08.05.2018