«Green Campus» – достықтың жаңа символы

22.04.2019

Көрулер: 3797

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қалашығында университеттің игі бастамаларының бірі, «ҚазҰУ Green campus» атты жобасы аясында тарих, археология және этнология факультетінің 1 курс студенттері мен оқытушылары кампус айналасында көгаландыру жұмыстарын жүргізді.

Хаджеттепе университетінің (Туркия, Анкара қаласы) қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының докторы, «Atatürk İlkeleri ve İnkılap Tarihi» институты директорының орынбасары, танымал тарихшы, Евразия тарихы мен өркениеті тарихының білікті маманы Сейфы Йылдырыммен бірлесе атқарған жұмыс болды. Тарихшы ғалымның әуесқойлық ісі жастар тарапына өте қызықты әрі пайдалы болып, ҚазҰУ қалашығының №3 кампусын көгаландыру жұмыстарына Сейфы Йылдырым өзімен бірге Түркиядан алып келген гүл түптері мен тұқымдарын отырғызды. «Айнала жанданып, бүкіл қоршаған орта өсімдіктері жаңа кейіпке енетін мезгіл, бүкіл табиғат мезгілдерінен ең кереметі көктем деп айтсақ қателеспейміз. Гүл отырғызу мәдениетін үйрену қажет, ол ең алдымен өзіңнің жеріңе көрсетілген құрмет пен өзіңе сыйлаған көңіл-күй», - деп студенттерге жылы лебізін білдірді. Ал, студенттер болса өз алдына, жаңадан пайда болған достықтың ерекше символына айналған жаңа гүлзарға ерекше ықыласпен қарайтындықтарын жеткізді.

www.kaznu.kz