Физика пәнінен республикалық олимпиада

09.11.2018

Көрулер: 3915

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультеті жылу физикасы және техникалық физика кафедрасында 2018 жылдың 23 қарашасында сағат 10:00 доцент, ұлағатты ұстаз Ж. Өмірбеков атындағы жыл сайынғы физика пәні бойынша Республикалық олимпиада және шахматтан турнир өткізіледі.

Олимпиадаға ЖОО-ның 1 курс студенттері мен 11 сынып мектеп оқушылары қатыса алады. Олимпиадаға қатысушы өзімен бірге міндетті түрде жеке куәлік, студенттік билет немесе мектептен анықтама алып келуі керек. Жүлделі орын иеленгендерге  ақшалай және бағалы сыйлықтар табыс етіледі.

Олимпиадаға қатысушыларды тіркеу: 2018 жылдың 21 қарашасына дейін жүргізіледі.

Барлық сұрақтар бойынша: +77053003110; +7(707)724-49-80