БОКС

03.12.2022

Көрулер: 852

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған, бокстан әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенттері (ұлдар) арасындағы Чемпионаты 2022 жылы 30 қараша мен 2 желтоқсан аралығында ҚазҰУ Университетінің спорт кешенінде өткізілді. Жарысқа 13 факультеттен 70 боксшы қатысты. Салмақ өлшеу жарыс ережесіне сәйкес, 29 қарашада сағ.17:30-19:00 дейін, жеребе тарту мен төрешілер алқасының мәжілісі сағ.19:00-20:00 дейін жүргізілді. Жарыс 30 қарашада сағ. 16.00 басталды.

Жарысты Университет спорт клубының боксқа жауапты оқытушы- жаттықтырушылары ұйымдастырып, өткізді. Жарыс 13 салмақ дәрежелері бойынша жүргізілді.

Өте тартысты өткен бәсекеде мықтылар жеңді. Жарыс барысында жарақаттар болған жоқ..

Жарыс нәтижесі:

51 кг салмақ дәрежесінде:

- Мубарак Ақтан (ФФиП 2 курс)

- Жексенбаев Бекзат (ФИТ 1 курс)

 

54 кг салмақ дәрежесінде:

- Мұқатай Алихан (Юрфак 1 курс)

- Султан Бейбарыс (Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті)

 

57 кг салмақ дәрежесінде:

- Әбділда Әлімжан (Биофак 1 курс)

- Мұхамедқали Ермұхамед (ФИТ 1 курс)

 

60 кг салмақ дәрежесінде:

- Муратханов Ескендір (ФФиП 3 курс)

- Лесбай Нұрым (ФФиП 3 курс)

 

63,5 кг салмақ дәрежесінде:

- Балтабай Мухаммедкарим (ДШжС 4 курс)

- Воловенко Вадим (Тарих 4 курс)

 

63,5 кг салмақ дәрежесінде 2 топ:

- Лесбай Сырым (ФФиП 3 курс)

- Тлеубаев Досымжан (ВШЭБ 1 курс)

 

67 кг салмақ дәрежесінде:

- Манап Ербол (Геофак 4курс)

- Танирберген Марат (Мехмат 1 курс)

 

71 кг салмақ дәрежесінде:

- Шайкенов Еркебұлан (ФМО 3 курс)

- Мұрат Ернұр (Мехмат 1 курс)

 

71 кг салмақ дәрежесінде 2 топ:

- Айтжанов Альбахрам (Мехмат 1 курс)

- Алибекұлы Иса (Биофак 2 курс)

 

75 кг салмақ дәрежесінде:

- Сагымканов Асыл (ДШжС 4 курс)

- Иса Бекжігіт (Тарих 4 курс)

 

80 кг салмақ дәрежесінде:

- Мұратбеков Жалғас (Геофак 4 курс)

- Манатбек Нұрдаулет (ФИТ 2 курс)

 

+92 кг салмақ дәрежесінде:

- Бектурсынов Имангали (Юрфак 1 курс)

- Орынбасар Нұрбол (ФИТ 2 курс)

 

Жекелеген номинациялар бойынша «Халықаралық қатынастар» факультетінің 3 курс студенті Шайкен Еркебұлан «ең үздік техникалық боксшысы» деп танылса, «жеңіске деген жігері үшін» атағы «Тарих» факультетінің 4 курс студенті Воловенко Вадим есімді боксшыға берілді. «Үздік боксшы» атағын «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының 4 курс студенті Балтабай Мухаммедкарим жеңіп алды .

Барлық жүлдегер болған спортшылар мен командалар Университет грамоталарымен марапатталды. Жарыс қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің құрама командасы іріктелді. Құрама алдағы уақыттарда бокстан қалалық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысатын болады.

 

Спорт клуб оқытушысы,

жарыстың бас төрешісі                                                                           Сайдағали Д.С.