Городская квест-игра Almaty Run Quest 8 октября 2017 года

8 қазан 2017 жылы  Almaty Run Quest қалалық квест-ойыны өтеді

Алматы қаласын сүйіп оны ары қарай тануға арналған ойын.  «Almaty Run Quest» –  жартылай спорт және жартылай миды ойландыру!

Баяу экскурсия ма әлде керемет марафон ба? Зерікпеуге уәде береміз! Ойын командалық болған соң достарыңызды немесе отбасы мүшесін алуға ұмытпаңыз. Команданың міндеті  –  аз уақытта ұйымдастырушылармен мекен-жай түрінде, жұмбақ немесе суретпен берілген жерлерді айналып өту. Трофей ретінде әр пунктта шешілген жұмбақтың қасында командалық сэлфи жасалу керек.

Ұйымдастырушылар – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-не қарайтын “Alpine Asia Team” спортклубының альпинизм, туризм және  скайраннинг секциялары және де ҚазҰУ-дың химия және химиялық технология факультеті. 

 

http://runquest.kz/index.htm

https://www.facebook.com/runquest/

Басылым күні :  16.09.2017