31 мамырда шахмат клубында балалар арасында шахматтан XVI дәстүрлі Олимпиаданың ақтық жарысы болады

31 мамыр 2016 ж. сағ 11:00 -де спорт кешеннің шахмат клубында Балалар күніне арналған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушы-профессорлық құрамының балалары арасында шахматтан XVI дәстүрлі Олимпиаданың ақтық жарысы болады.

Жарысқа 10, 12, 14 жасқа дейінгі (ұлдар және қыздар) балалар қатыса алады.  

Шахмат Олимпиадасының әрбір жас дәрежесіндегі жүлдегерлері құрмет грамотасымен және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Парасат» қызметкерлер кәсіподағының сыйлықтарымен марапатталады.

Басылым күні :  03.05.2016