Мұқағали Мақатаевтің 90 жылдығына арналған «Мұқағали мәңгілік ғұмыр» атты іс шара.

Бүгін 09.02.21 жылы сағат 19.00-де “Жүз кітап” жобасы аясында, Геодезия және картография мамандығының 2 курс студенттері, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай іс шара өткізді. Іс шараның басты мақсаты білім алмасу, даму және ақынды еске алу. Іс шара дискуссия, яғни талқылау арқылы, ашық әрі еркін өтті. Әр студент өз ойын айтып, ақынның өлеңдері оқылып, жақсы бір ой толғау болды. Сөз соңында, болашак біздің қолда, сол үшін өткенімізді дәріптеп, болашаққа қарай жарқын жол жасауға ұмтылайық!

Басылым күні :  12.03.2021