Менің дінге деген көзқарасым.

 

Қаңтар айының 24 жұлдызында 4 жатақханада Картография және геоинформатика кафедрасының Геоинформатика мамандығының 1 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Менің дінге деген көзқарасым» атты тәрбие сағатты өтті. Кез келген қоғамда, соның ішінде Қазақстандық қоғамда діннің маңызы ерекше екенін және жастар өмірінде оның белгілі орны бар екенін ескеруіміз керек. Қазақстанда түрлі діни ағымдар жұмыс істейді. Біз дұрыс бағыттағы діни ағымдарды танып, айыра білуіміз қажет. Қазіргі кезде жастарға тоталитарлық секталар үлкен қауіп төндіруде.

Рухани мәселе бүгінгі күні жаттықтыруды, шынықтыруды, білімді қажет етеді. Рухани байлығымыз бізге дұрыс бағытты, биік құндылықты, рухани жолды нұсқайтын ішкі дауысымызды тыңдату үшін аса қажет екенін естен шығармауға шақырамыз!

Басылым күні :  19.04.2020