Ұлттық тәрбие-ұлт болашағы.

Қазан айының 16-шы жұлдызында "Геодезия және картография" мамандығының 3 курс студенттері "Ұлттық тәрбие-ұлт болашағы" атты тақырыпта сағат 12-00 де ашық кураторлық сабақ өтті. Ұлттық тәрбиенің мақсаты – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлт жанды тұлғаны тәрбиелеу.

Тәрбиенің басты нысаны елдік сананы қалыптастырып, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді негіздеу, ұлтсыздық пен күресу болса керек. Ендеше, «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демекші, ел болып, ұлт болып қаламыз десек, «Ұлттық тәрбие» тақырыбында тәрбие сағаттарын мейлінше көбірек өткізгеніміз дұрыс.

Бұл тәрбие сағатында әр студент тәрбие жайлы өз ойын ортаға салып, қазіргі жастар тәрбиесінде сөз қозғады. Сабақ соңында студенттер тәрбиесіз берілген білім тұл деп, әр сабақтың өзін дұрыс меңгеріп, болашақта пайдаға асыруымыз үшін де тәрбиенің маңызының зор екенін айтты.

Басылым күні :  19.04.2020