"Теңге - тәуелсіздік нышаны" атты ашық кураторлық сағат
"Картография және геоинформатика" кафедрасының бірінші курс студенттері "Теңге - тәуелсіздік нышаны" атты ашық сабақ өткізді. Ашық сабақтың мақсаты - Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру. Сонымен қатар дамытушылығы ретінде: студенттердің ақша туралы түсініктерін кеңейту, белсенділіктерін дамыту. Яғни қорытынды студенттердің Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту болып табылады.
Басылым күні : 15.11.2016