Ұстаздар күніне орай өткізілген концерт

Геодезия және картография мамандығының студенттерінің ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында Ұстаздар күніне орай 2016 жылдың 7-қазан күні 1-залды сағат 15:00-де мерекелік концерт өткізілді.

Концертке барлық курс студенттері белсене қатысып, өнерлерін көрсетті:

Кеш жүргізушілері 3-курс студенттері Ізімғалиев Жандос пен Жанбай Бағлан болды. Концерт 4-курс студенттері Наймасов Бауыржан, Үрімбаев Дәуреннің ұстаздарға деген жылы лебізімен басталды. Кейін 2-курс студенті Тастаева Перизат ән шырқады, 1-курс қыздары заманауи флешмоб биін биледі. Келесі ұстаздар мен студенттер арасында ойын ойнатылды.3-курс студенті Арапбек Бағдат гитарада ән орындады. 2-ші және 1–курс студенттері бірлестігінен құралған КВН командасы өнер көрсетті. Кезекті ойын ойнатылды. 1-курс студенттері гитарада ән айтып, кезекті ойыннан соң 2-курс студенттері Хамит Алтынбек пен Ерболқызы Әселдің орындауында әсем би тамашаланды. Кеш соңында Арапбек Бағдаттың орындауында лирикалық ән аясында студенттер мен оқытушылар вальс биін билеп, кафедра меңгерушісінің орынбасары, аға оқытушы Гүльбан Құттыбаевна, география ғылымдарының докторы, профессор Асима Ғалымжанқызы, аға оқытушы Муратбек Касимбековичтің алғыс сөздерімен аяқталды.

 

Басылым күні :  18.10.2016