Халықаралық СПИД-ке қарсы күрес күніне арналған тәрбие сағаты.

Желтоқсан айының 22 жұлдызында 112 аудиторияда сағат 16.00-де Халықаралық СПИД-ке қарсы күрес күніне арналған тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: СПИД – тің зиянды жағын түсіндіру, СПИД – ті алдын алу шараларымен таныстыру, денсаулықты қорғауға тәрбиелеу.

Соңғы жылдары жер шары халықтарының назары ХХ ғасырдың отбасы аталған СПИД (иммунитет жетіспеушілік синдромы) дертіне аууда, қазірдің өзінде ондаған мың адамдардың өмірін жойған осы бір қатерлі ауру жайында жұмыр жердің түкпір-түкпірінде күн сайын хабар бермей отырған бірде-бір газет, журнал, теледидар немесе радио торабы жоқ. Бұл дерттің қара бұлты бүкіл жер шарын басып келеді. Сондықтан осы аурудың алғашқы және негізгі белгілері, одан сақтану жолдары, аурудың алдын алу және емдеу тәсілдерін білгеніміз жөн.

Басылым күні :  04.05.2015