020 жылдың 5 мамырында Zoom платформасында Философия, саясаттану және дінтану институты «Рухани жаңғырудың негізі - қоғамдағы рухани құндылықтардың қалыптасуы» тақырыбында ғылыми семинар ұйымдастырды.

2020 жылдың 27 сәуірі мен 12 мамыры аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінің «Дінтану», «Исламтану", «Философия», «Әлеуметтану" және «Конфликтология" мамандықтарының магистранттары ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтында қашықтық форматтағы ғылыми тағылымдамадан өтіп жатыр. Тағылымдамадан өту барысында 2020 жылдың 5 мамырында Zoom платформасында Философия, саясаттану және дінтану институты «Рухани жаңғырудың негізі - қоғамдағы рухани құндылықтардың қалыптасуы» тақырыбында ғылыми семинар ұйымдастырды.
Аталмыш семинарға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «6М020600-Дінтану», «6M021500-Исламтану», «6M050100-Әлеуметтану», «6M050200-Саясаттану», «6M020100-Философия», «6M052200-Конфликтология» мамандықтарының магистранттары және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Альджанова Нұрлыхан Қожабергенқызы қатысқан болатын. Семинар барысында «Әлеуметтану құрылымы мен функциялары», «Мәңгілік ел» - болашақтың бағыты», «Абай философиясындағы Құдай мәселесі» тақырыптарында презентациялар көрсетілді. Семинар қатысушылары талқылауда аса белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, пікірлерімен бөлісті. Семинар Философия, саясаттану және дінтану институтының ғалым хатшысы Тоқтарбекова Лаура Ниязбекқызының жетекшілігімен өткізілді.

Басылым күні :  15.01.2021