«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында

19 наурызда саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының ұйымдастыруымен Еуразиялық интеграция институты директоры, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша құрылған Ұлттық комиссия мүшесі, ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшесі Н. Калашниковамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және оның алты жаплыұлттық жобаларын ары қарай жүзеге асыру бойынша мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, , Елбасы, Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қоғамдық сананы жаңғырту, болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласының шеңберінде, Еуразиялық интеграция институты ұсынған «Қазақстанның әлеуметтік модернизациясы» және «Қазақстан Республикасы коммуникативтік саясаты: заманауи жағдайы және дамуы» атты монографиялардың тұсауын кесті. Сондай-ақ, елбасының «Тәуелсіздік эрасы» атты кітабын саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының кітапханасына сыйға тартты. Кездесу соңында сұрақтар қойылды.

Басылым күні :  20.03.2018