"Тәуелсіздікке 25 жыл: тыңғылықты нәтижелер"

Кеше “Көзқарас” жобасының аясында Философия және саясаттану факультетінің, "Политолог" клубының қолдауымен “Тәуелсіздікке 25 жыл: тыңғылықты нәтижелер” тақырыбында бас қосу өтті.

Спикер ретінде танымал қоғам қайраткерлері Айдос Сарым, Расул Жұмалы,  Бақытжан Бұқарбай, Философия және саясаттану факультетінің деканы Алия Масалимова және Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының меңгерушісі Гульнар Насимова сөз сөйлеп, салиқалы да қызықты ойлар қозғады.

Қазақстанның егемендікке ие болғаннан бергі мемлекет тарапынан жасалынған әрекеттер және олардың нәтижелері, соңғы екі он жылдықта атқарылған еңбектің қорытындысы және тың жобалар, жаңа бағыттар, нақты мақсаттар. Осының бәрі бас қосуда қызу талқыланып, іс-шара ортақ ой – елдігімізді одан әрі сақтап, жаңа биіктерді бағындыру идеясымен аяқталды.

Басылым күні :  18.11.2016