Алаш арыстары - демократияны жақтаушылар!

 

Алматы қаласында Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Руслан Ақмағанбеттің «Алаш демократиясы» кітабының таныстырылымы өтті. Кітаптың таныстырылымы жайында Ана тілі газеті былай дейді: "Кітап қазақ және орыс тілдерінде "AmalBooks" баспасынан жарық көрді. Бұл еңбек Алаш арыстарының либералдық-демократиялық көзқарастары мен идеяларын саясаттану тұрғысынан талдап, өркениетті де зайырлы мемлекет құруға ұмтылысын сипаттайды. Бұл идеялар қазіргі заманда да өзекті.

 


 

Қазақ тілінде жазылған бұл кітап алғаш «Алаш демократиясы» деген атпен 2022 жылы желтоқсан айында жарық көрген болатын. Кітап бостандық, билік жүйесі, саясат жайлы тараулардан тұрады және алашордалықтардың ұстанымы мен ой-пікірі көпшілік оқырманға жатық, жеңіл тілмен жеткізілген. 
Кітапта тарихи фактілер мен саяси оқиғалар туралы деректер мол. Саясаттанушы ғалым Руслан Ақмағанбет бұл еңбекте Алаш арыстарының көзқарасын классикалық демократия, либерализм тұрғысынан ашуға тырысқанын айтты". Таныстырылым оқырманмен емен-жарқын әңгіме түрінде өтті. 

 

 

 

 

 

Басылым күні :  15.10.2023