«16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» тақырыбында кураторлық сағат

2020 жылдың 14-15 желтоқсанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінде барлық топтарда «16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» тақырыбында Microsoft Teams платформасында кураторлық сағаттар өткізілді.

Кураторлық сағаттың мақсаты: білім алушылардың  қазақстандық патриотизмді, бейбітшілікті, ұлттық келісімді қалыптастыру, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы білімдерін тереңдету және кеңейту.

Іс-шара патриотизм сезімін, Отанға деген сүйіспеншілікті, Қазақстан халқының тарихи өткені мен бүгіні және жарқын болашағына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеуге бағытталды.  


















Басылым күні :  15.12.2020