Психологиялық тренингтер

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінде 2020 жылдың қараша мен желтоқсан айларының аралығында колледж студенттеріне «Адамның жауы – жалқаулық», «Жалқаулықтан құтылудың жолдары», «Еңбек – бәрін жеңбек», «Сессияға дайындық», «Күнделікті өмірді жоспарлау» тақырыптарында психологиялық тренингтер өткізілді.

Психологиялық тренингтерді өткізудің мақсаты: Қашықтықтан оқыту кезеңінде студенттердің уақытты тиімді пайдалануына, жетістіктерге жету жолдарында қиындықтардан сүрінбей өтулеріне, сондай-ақ жеңе білулеріне бірнеше мотивациялық афоризмдер, нақыл сөздер айтылды және де психологиялық әдеби кітаптардың оқылуына кеңес берілді. Жапон елінің бастай алмай жүрген бір істі оңай бастап кетуіне көмек беретін «Кайдзен» әдісі ұсынылды. Психологиялық тренингтер zoom платформасында өткізілді.








Басылым күні :  15.12.2020