Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінде Қазақстан Республикасы Microsoft Teams платформасында қашықтықтан «Тілдер мерекесіне» арналған «Мемлекеттік тіл-менің тілім » атты кураторлық сағаттар өткізілді.

Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,

Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?

Сенсің менің қуанышым, шаттығым,

Сенсің менің тазалығым, пәктігім.

Әр адам өзінің тілін шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап құлағына сіңіруі тиіс. Себебі, тілін білген адамның ғана бойында патриоттық сезім қалыптасады. Олар елге, ұлтқа пайдалы мәселелерді қозғап, жауапкершілікті сезінеді. Өйткені, мемлекеттік тіл елімізде аса маңызды да, ең өзекті мәселе.

Колледжде 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты тілдер күніне байланысты кураторлық сағат өткізілді. Бұл іс-шара қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді. Аталмыш сағат аясында бекітілген жоспар бойынша колледжіміздің тіл мамандары Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене ат салысты.

Тәуелсіздігіміздің тұғырына көтерілген жылдар ішінде елдің бірлігі артқандай. Елімізде ұлтымыздың ұлы тілімен қатар әлемдік тілдердің де құндылығы жоғары. Қазақ балаларының өзге тілді меңгергеніне қуанып, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілінде сөйлеп, білім алып жатқанын көргенде, бір жасап қаламыз.Ұстаздар қауымының басты міндеті-шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, болашақ ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру.







Басылым күні :  24.09.2020