ПК-201 тобының Ұлы Отан соғысы ардагерімен кездесуі

2020 жылдың 05 наурызында ПР-202 тобының білім алушылары, топ кураторы Г. К. Атамбековамен бірге Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 75 жыл толуымен құттықтап, соғыс жылдарында байланысшы болып жұмыс істеген ардагер Ишмухамедов Абрахман қариямен кездесті. Ол өз өмірінің тарихын, ауыр соғыс жағдайында байланысшы болып жұмыс істегендігін айтты. Ол өзінің әңгімесін өзі жазған өлеңдермен бастады. Соғыс басталғаннан бастап, аяқталғанға дейін ол майданның барлық жерін жүріп өтті, себебі байланысшылар жетіспеді.

Майданнан оралған соң, ол өз оқуын жалғастырып, университет аспирантурасын, докторантурасын бітірді. 30-дан астам кандидат пен докторларды даярлады, бірнеше монографияларды, "Бабаларым менің замандастарым" атты өмірбаяндық повесінің және көптеген поэмалардың авторы болды.

Басылым күні :  30.04.2020