Колледж студенттеріне арналған психологиялық тренинг

10.04.2019 жылы колледжде ПР-102 мен ПР – 202 топтарына күйзелістен арылу, басқа топтың студенттерімен танысу, сенімді атмосфера мен коммуникативті қарым-қатынас орнату мақсатында тренинг ойындар ұйымдастырылды. Тренинг ойындарын жүргізген педагог-психолог Ә.Б.Даулетова бірінші танысу ойыны ретінде «селфи» ойынын ойнатты. Студенттер бойынан топтық ұйымдастырушылық, адам көңіліне қарай отырып, жеңіске деген ұмтылыстар байқалды. Тренинг студенттердің көңіл күйімен бөлісіп, қандай ойын есте қалғаны туралы әңгімелесіп, бір-бірлеріне жылы тілек айтуымен бітті.

Басылым күні :  12.04.2019