Өзгеге көмектесе отырып, өзіңе көмектес

25.01.2019ж. колледжде волонтерлер Лигасы қоғамдық қорының төрайымы Ерниязова Айсұлу Алимжанқызымен «Өзгеге көмектесе отырып, өзіңе көмектес» атты тақырыпта кездесу өтті. Кездесуді колледж директоры Р.О. Нурканова жастарға үлкен сенім артатынын айта отырып, ҚазҰУ-дың 85 жылдық мерейтойымен құттықтады. Айсұлу Алимжанқызы 1-курс білім алушыларына волонтерлік және волонтерлер Лигасы қоғамдық қоры қызметінің мән-жайымен, қыр-сырымен таныстырды, оынң адам өміріне тигізетін әсеріне тоқталды. Кездесу барысында қатысушылар волонтерлік қызметке қызығушылық туыдырып, аталған қоғамдық қорға жызылуға ниет білдірді.

Басылым күні :  30.01.2019