ҚазҰУ-лықтар Жастар жылы ашылуының онлайн көрсетілімін тамашалауда

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Жастар жылын ашты. Осыған байланысты студенттер сарайында 2000-нан астам ҚазҰУ студенттері мен оқытушылар құрамы Жастар жылының ашылуының онлайн көрсетіліміне жиналды. Аталған іс-шараны қолдау мақсатында факультеттің студенттері және оқытушылар құрамы аудиторияларда да жиналып, көрсетілімді тамашалауда.

Жастар жылы қазақ жастарының қоғамдық-әлеуметтік белсенділігін арттырып, рухани әлемін байыта түсуіне жол ашады. Бүгінгі жастар тың идеялар мен ұсыныстарға бейім. Сол себепті олардың елдің дамуына қосатын үлесі салмақты. Жастарды кешенді қолдау мақсатында жасалып жатқан іс-шараны қазұу жастары қолдаймыз.

Басылым күні :  23.01.2019