Құттықтаймыз!

12.11.2018ж.  0516000 «Қаржы» мамандығының 1-2 курс оқушылары оқытушы Мажиева Г.О. жетекшілігімен Нархоз университетінің колледжі «Экономика» апталықтарының аясында ұйымдастырған ұлттық валютаның 25 жылдығына арналған «SELF DEVELOPMENT! GO AND PLAY! THINK AND GROW RICH» тақырыбында «Менеджмент негізі» пәнінен «Миға шабуыл» интеллектуалды ойынына қатысты. Екі колледждің оқушылары «Менеджмент негізі» пәні бойынша өздерінің білімдері мен қалыптастырылған дағдыларын барынша тиімді пайдаланып, көрсетуге тырысты. Байқау нәтижесінде біздің колледж оқушылары білімнің биік шыңынан көрініп, жеңіске жетті, сонымен қатар, «Үздік бизнес жоспар» номинациясында марапатқа ие болды.

Басылым күні :  28.11.2018